• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:07:08
Алматы
+35°

06 Шілде, 2019 Алматы облысы

Алматыда "Biz birgemiz!" атты бейбіт шеру болып өтті

Алматыда «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен бейбіт шеру өтті

Алматыда «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен қалалық мәслихат депутаттары, партияның алматылық белсенді мүшелері мен жастар, қала тұрғындары қатысқан "Biz birgemiz!" атты бейбіт шеру болып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист, публицист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Әшімжан Жанарбек жүргізген алқалы жиында қоғам қайраткерлері, өнердің өкілдері, көпбалалы аналар және жастар да өз ойларын білдірді.
Митингке бейбіт елдің тыныштығына тілекші, болашаққа сеніммен қарайтын, кезінде ел тарихының бастауындағы ең маңызды шешімдер қабылданған тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып саналатын – Алматы тұрғындары қатысып, жиналған қауымға жалынды сөздерін арнады.

"Кешегі 90-ыншы жылдарды еске алайықшы. Экономиканың барлық саласында дағдарыс. Бір бөлке нан мен сүт алу үшін таңнан кешке дейін кезекте тұратынбыз. Ата-аналарымыздың қызметін тастап, бізді асырау үшін базар жағалап кеткенінемен де куәмін. Сабағымызды майшаммен оқып ержеттік.Осындай дағдарысты жылдардан бізді алып шыққан ертеңгі жақсы күндерге деген сенім, жүректегі патриоттық сезім болатын. Міне, қазіртөрткүл дүниемен тереземіз теңелді. Ал осындай айрандай ұйып отырған халқымыздың ынтымағын ыдыратып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер бар. Кезінде қарапайым халықтың банктегі ақшасын жымқырып кеткен Әбілязов бүгін шетелде отырып алып халықты тағы да аласапыранға айдап салғысы келеді. Ондай жалаңсөз айтаққа ерудің қажеті жоқ", – деді қала жастары атынан мінберге шығып сөз сөйлеген «Qadam PRO» ЖШС-нің директоры Елнұр Бейсенбаев.

а

Сондай-ақ, ол жастарды жігерлі, сауатты, парасатты болуға, жақсылығымызды асырып жүруге, ал кем-кетігіміз болса бірге толтыруға шақырды. Сөзінің соңын Е.Бейсенбаев Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген жалынды жырынан үзінді оқып түйіндеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір