08 Шілде, 2019 Әлем
Мексикадағы қала мэрі "бомж" болып эксперимент жасады
Нәтижесі Куатемок қаласының мэрі Карлос Тенді қуанта қоймады.
Мексикадағы Куатемок қаласының мэрі ерекше эксперимент жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Milenio телеарнасының дерегін негізге алып. Ол қалалық мекемелердің қызметкерлері шын мәнінде қалай жұмыс істейтінін тексермек болады. Содан нашар киініп, гримм жасап, мүгедектерге арналған арбаға отырып қала аралайды. Нәтижесі Куатемок қаласының мэрі Карлос Тенді қуанта қоймады.
Оны барлық қызметкерлер елемей, қызмет көрсеткісі келмеген. Негізінен қала мэрі бұл экспериментті 2 ай бойы жасайтын боламын деп жоспарлаған. Бұл экспериментті жасауға халық пен жанындағы қызметкерлердің айтқаны сәйкес келмеуі ісер етіпті.
"Мен кімге сенерімді білмедім. Халыққа ма әлде жанымдағы қызметкерлерге ме?", - деп түсіндірді қала мэрі.
Еі бірінші қала мэрі әлеуметтік даму басқармасына азық-түлік алуға жәрдемдесу жөнінде ресми түрде өтініш толтыруға барған. Бірақ басқармадағы қызметкерлер көмек сұрап келген мүгедекті елемеген, тіпті өтініш толтыруға көмектеспеген.
Содан соң ол қала әкімдігіндегі өзі басқаратын әкімшілік бөліміне барған. Қабылдау бөлімінің есігін күзеткен адам көп. ОЛ біраз уақыт қалаған жерге кіре алмады. Себебі қызметкерлер мүгедектерге арналған лифтің кілтін таба алмаған. Экспреимент кезінде қала мэрі қорлық пен кемсітуді көргенін жасырмады.
"Мен сол кезде қатты ашуландым. Мемлекеттік қызметкерлер жалақы алып отыр. Бірақ халыққа көмек көрсетпейді. Кейін жиналыс кезінде болған жайттың бірін қалдырмай айтып бердім. Мұндай бассыздыққа шыдай алмайтынымды да ескерттім", - дейді қала мэрі Карлос Тен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір