• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:15:25
Алматы
+35°

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестен әлем чемпионы титулын тартып алуы мүмкін  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BoxingScene.com

"Канело" келесі жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізбесе, титулынан айрылуы ықтимал.  IBF алты апта бұрын "Канелоның" өкілдеріне хат жіберіп, Деревянченко тарапымен келіссөзді бастауды тапсырған.

Альварестің командасы хатқа жауап бермей, титулды қорғау уақытын кейінге шегеруді сұрамаған. Сондықтан IBF промоутерлік саудаласуды бастауы мүмкін. Ал "Канело" келесі жекпе-жегінде Деревянченкомен жұдырықтаспайтынын анық айтқан болатын.

Егер Альварестің өкілдері саудаласуға қатыспаса, IBF ережесі бойынша одан чемпиондық титулды тартып алады. Мұндай жағдайда Деревянченко бос қалған белбеуді ең жақын үміткер қазақстандық Геннадий Головкинмен сарапқа салады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір