• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:49:15
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019

Непалдықтар Шымкентке ынтық: қалада жаңа мәдени орын салынбақ

Непалдықтар Шымкент қаласында құны 100 миллион доллар болатын жаңа ғимарат салынбақ.

Непалдық миллиардер Шымкентте Диснейлендке ұқсайтын саябақ және аквабақ салу үшін 100 миллион доллар жұмсамақ. Әзірге бұл жомарт жанның есімі жасырын, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Объектіні салу үшін билік 100 гектар жер бөледі. Жоспарды толықтай жүзеге асыру үшін екі жыл қажет деп жоспарланып отыр. Ұн тағамдарын шығарумен айналысатын бизнесмен істің бүге-шүгесін ақылдасу үшін 13 шілде күні Қазақстанға ұшып келеді. Бұл сый туралы естіген кейбір шымкенттік сөйлеу қабілетінен айырылды. 

"Біз жаңа аквабақ ашылады деп естіп жатырмыз. Сондай ризамыз. Бұл аквабақ қаланың ең көрікті жеріне айналайын деп тұр. Бұл жастарға арналған тағы бір орын болмақ", - деді қала тұрғыны. 

Жергілікті билік алдағы үш жыл ішінде мегаполисті ТМД-ның мәдени орталығына айналдырмақ. Бұл үшін 1,3 трлн теңге қажет болады. Қаланы бизнесмендер ақшасына дамыту жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір