11 Шілде, 2019 NEWS
Сайлау кезінде сотқа шағымданған кандидат кім?
Президенттікке үміткер азамат сотқа арыз түсірген.
Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов кезектен тыс президент сайлауы кезіндегі сот жұмысы туралы, орын алған заң бұзушылықтар жайлы тарқатып айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Сайлау науқанында сотқа тек бақылаушылар ғана емес, президенттікке кандидаттар, сенімді өкілдер, қоғамдық ұйымдар да шағым түсірді. Бюллетеньдерді қате тарату фактісі бойынша 26 әкімшілік іс қозғалып, сотқа дейін жетті", - деді Жақып Асанов сот жүйесі жұмысын қорытындылаған отырыс барысында.
Оның айтуынша, түскен арыз-шағымдар нәтижесінде сайлау комитеттерінің бірнеше мүшесі жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған.
"Біз оларға заң бұзушылық әрекеті үшін айыппұл салдық. Тіпті, олардың арасында төрағалар да бар еді", - деді ол.
Сондай-ақ, сайлау кезінде сотқа ұсынылған арыз-шағымдардың біршамасы қайта қарауға жіберіліпті.
"Сотқа түскен барлық арыз-шағым саны – 67. Бірақ біз олардың біразын қайта қарауға жібердік. Өйткені, олардың формасы Азаматтық кодекс талаптарына қайшы келді. Кейде авторлар өз аты-жөндерін көрсетпеген, кейде арыз түсірген азаматтың атын көрсетпеген. Сондай-ақ, бақылаушымын деп жазылған арыз-шағымдарда заң талап ететін құжаттар жоқ", - деп түйді Жоғары сот төрағасы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір