• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:38:13
Алматы
+12°

06 Маусым, 2019 NEWS

«Жасыл экономика»: Жел мен күннен қуат аламыз

Қазақстан табиғи қазбаларға бай ел. Мұнай мен газ көмір мен түсті маталдар қоры Құдайға шүкір, баршылық. Бірақ олардың қоры мәңгілік емес қой. Түбінде таусылады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Әлем «жасыл экономикаға» көшеді. Пайдалы қазбаларға қанша бай болғанымызбен, біз де қазір осы салаға көшіп жатырмыз. Дайындықты бастап та кеттік. Ресурстарды пайдаланып та жатырмыз.  Бұл қандай ресурстар? Біз жоғарыда пайдалы қазбалар қорының таусылатын айттық. Бірақ оларды ысырап етпей, тиімді пайдалануымыз керек. Қазірдің өзінде біз осы жолға көшіп жатырмыз. Жел мен судан электор қуатын өндіріп, өндіріске, күнделікті өмірге тұтынуды бастап кеттік. Қазір біз күннен де қуат өндіреміз.

Бір ғана мысал, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық таранзиттік дәліз жолып алып қарасаңызшы. Қараңғы түнде жол жағалауындағы  белгілер түнде ақ жолақтанып, жарқырап  көзге көрініп тұрады. Бұлар күн энергиясынан қуат алады. Жұмыс істеу процесін осылай жасап қойған. Әр жол белгісінің үстіне күннен қуат алатын көк әйнектер орнатылған. «Жасыл экономика» дегеніміз осы. Экологиялық жағынан өте тиімді. Олар электр сымынан қуат алып тұрған жоқ, бұл жерде күн энергиясын тиімді пайдаланып отырмыз. Демек бұл ­– жасыл технология.

Жалпы әлем бойынша алдағы 60-80 жылда негізгі табиғи қорлар таусыла бастайды. Кейбір деректер мұнайдың 40-50 жыл­да, газдың 80 жылда, уранның 80-100 жылда бітуі мүмкін екенін айтады. Рас бізде көмірсутегі қорларын игеру соңғы 15-20 жылдан бері басталды. Әрине, біздің табиғи қорлар әзір сарқыла қоймайды. Осыдан сақтанып, әлемнің басқа дамыған елдері энергия алудың басқа көздеріне қазірден көшіп жатыр. Бірақ біз де алдағы уақытта осы жолға өтуіміз керек. Қазіргі уақытта қуаттың 39 пайызын газдан, 17 пайызын мұнайдан алып отырмыз. Қуаттың 42 пайызын көмір беріп отыр. Ал күн, желден алатын энергиямыз 1 пайыздан сәл ғана асады. Сондықтан алдағы уақытта экологиялық жағынан зиянсыз «жасыл экономикаға» көшуді жоспарлап отырмыз. Түбінде бүкіл дүние осы жасыл экономикаға көшеді. Рио-де-Жанейро қаласында өткен халықаралық конференцияда төрткүл дүниенің түбінде осы «жасыл экономикаға»  ауысатыны айтылды. Осыған байланысты арнайы декларация қабылданды.

Нақты айтар болсақ, жасыл экономика – бұл ғылымның дамыған бір саласы. Қазір ғалам күн мен желден қуат алуға ерекше назар аударуда. Әзірге күн қуатын тиімді пайдалану жағынан әлемде Қытай бірінші орында тұр. Мысалы, әлемде күн қуатын өндіретін 51 ГВт қон­дырғы бар болса, оның 15 ГВт-ы Қытайда орналасқан екен.

Тағы бір айта кететін жайт, төрткүл дүние қазіргі уақытта желдің күшін  тиімді пайдалануда. Электр қуатының 7 пайызын бүгінгі күні  жел беріп отыр. Жалпы ұйытқыған бораны мен азынаған желі бір басылмайтын Қазақстанның кейбір өңірлері «жасыл экономикаға»  өте қолайлы.

Сарапқа салсақ, әсіресе, желден қуат алуға бүгінде  Еуропа елдері қатты мән беруде. Қазіргі кезеңде жел электр стан­саларының 44 пайызы Еуропада орналасқанын айта кету керек.  Мұндай жел стансаларының Азияда -31 пайыз,  Солтүстік Америкада 22 пайызы болуының өзі әлемнің осы салаға бет бұра бастағанын көрсетеді.

Мамандар 2030 жылы жел энергиясының үле­сі 20 пайызға жетеді деп отыр. Бұл дерек барған сайын ұлғая түсетіні ақиқат. Өйткені желден алынатын қуат экологиялық жағынан таза. Бір ғана мысал, Еуропада орналасқан Дания жел генераторы арқылы электор қуатының 40 пайызын беріп отыр. Германияда бұл көрсеткіш - 8. Ирландияда-16, Португалияда -23 пайыз шамасында. Ал бізде қазіргі уақытта 1 паыздың айналасында ғана.

Сондықтан да Елбасының тапсырмасына орай Қазақстан осыдан бірнеше жыл бұрын «жасыл экономикаға» өтуге қадам жасады. Шешім қабылдады. Арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарлама немесе тұжырымдама 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Ол үш кезеңнен тұрады. Демек, Қазақстан да болашақта күннен, желден мол қуат көздерін алады. Бір ғана мысал, бүкіл әлемнің назарын аударған ЭКСПО халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Оның халықаралық маңызы орасан зор болды. ЭКСПО еліміздің «жасыл экономикаға» өтуіне барынша серпін берді десе де болады. Оған төрткүл дүниеден туристер келді. «Болашақтың энергиясы» Қазақстанда қаланғанын көзбен көрді. Ендеше біз де болашақта қуат көздерінің басым бөлігін күн мен желден алатын боламыз.

«Жасыл экономика»:  Жел мен күннен қуат аламыз
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір