• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:29:52
Алматы
+12°

16 Шілде, 2019 NEWS

Жақын арада мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек болады?

Мемлекет көзі мүмкіндігі шектеулілердің жайын көре бастады. Әсіресе протез мәселесін көтеру - өте дұрыс шешім.

Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова алдағы жылдары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай көмектер жасалатыны туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Үстіміздегі жылдың мамыр айында 2025 жылға елдегі мүмкіндігі шектеулі, көмекке зәру азаматтардың әл-ахуалын көтеруге бағытталған жаңа жоспар қабылданған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік көмекті еш қиындықсыз алуына жағдай жасалмақ. Бұл барлығымыздың уақытымызды үнемдейді", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның сөзіне сенсек, елімізде мүгедектерге арналған қалпына келтіру орталықтары көптеп ашылмақ. Бұдан бөлек, мемлекет есебінен елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға соңғы технологиялар көмегімен жасалған 3D протездерін алып беру жоспарда бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір