• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 04:19:48
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

18 Шілде, 2019 Әлемде

"Қазір ешкімге сенім жоқ": Президент шенеуніктердің қолдауынан бас тартты

Украина президенті Владимир Зеленский ел тарихында қалғысы келеді. Ол бұл туралы "Зе! Президент!" YouTube желісінде мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап. 

"Мен барлығы бізді сыйлағанын қалаймын. Өйткені соңғы 30 жылдың ішінде Украина тарихында ешқандай президенттің командасын халық танып, көшеде көрсе қуана қарсы алған емес", - деп түсіндірді Зеленский. 

Мемлекет басшысы Украинада мұндай саясаттың алғашқы үлгісін көрсету үшін «бірдеңе істеуді» қалайтынын жеткізді. Тіпті шенеуніктерден де қолдау күтпейтінін жеткізді. 

"Қазір ешкімге сенім жоқ. Қазір сенуге болатынын адам мүлдем қалмады", - деп ағынан жарылды Зеленский. 

Украинаның барлық мемлекеттік қызметкерлері пара алады және "күлімдеп жүріп жымқыруды" біледі деп атап өтті президент. 

Бұрын хабарланғандай, президент кеңсесіндегі қызметкерлер не себепті халықпен бірге суға түскенін түсіндірді. Мемлекет басшысының айтуынша, ол осылайша халықпен бірге екенін жеткізгісі келген. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір