• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:14:44
Алматы
+12°

30 Шілде, 2019 Тағайындау

Шымкенттің "Зың" әкімі кетті: Орнына кім тағайындалды? (видео)

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкім қызметінен босатылды

Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындал деп хабарлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға  сілтеме жасап.

Жаңа әкімді Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев таныстырды.

1971 жылы 10 желтоқсанда Шымкент облысы Алғабас ауданында туған. 

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған.

1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Одан кейін, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан бастап Отырар ауданының әкімі болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір