• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:09:41
Алматы
+12°

31 Шілде, 2019 Экономика

1 доллар 400 теңге болуы мүмкін – болжам

Әлемдік шикізат нарығындағы жағдаят Қазақстанға көбірек әсер етеді.

Ресейлік сарапшылар 2019 жылдың соңына қарай рубльдің әлсіреуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұның көршілес Қазақстан экономикасына да салқыны тиюі ықтимал.

lsm.kz сайтының жазуынша, әлемдік шикізат нарығындағы жағдаят Ресейге қарағанда, Қазақстанға көбірек әсер етеді. Оған Қазақстан экономикасының әртараптанбауы мен шикізаттық тауар үлесінің көп болуы себеп.

Экономист Александр Юрин ағымдағы жағдайда теңге рубльге қатысты біртіндеп әлсіреп жатқанына назар аударды.

Шикізат бағасы арзандайтындай болса, теңге бағамы рубльдың жағдайына қарамастан құнсызданады. Рубльдің әлсіреуі де ұлттық валютаға теріс әсер етеді. Сондықтан қалай қараса да теңге бағамы төмендейді деген пікірде сарапшы.

Александр Юрин 385 теңгелік шамадағы доллар бағамы енді 4 пайызға күшейсе, 400 теңге шамасына жететінін ескертті.

"Бұндай жағдайда жыл соңына дейін 1 доллар 400 теңге бағамының орнауы шындыққа жанасатын сценарий", дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: теңге бағамы доллар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір