01 Тамыз, 2019 Маңғыстау облысы
Қазпошта Маңғыстау облысында басылымдарды дронмен жеткізе бастады
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылына республикалық басылымдар дронмен жеткізілуде.
Жалпы алғанда, дрондар мерзімді басылымдарды облыстың сегіз аймағына жеткізеді Олар Маңғыстау, Батыр, Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Сайын, Қызылсай және Ақшұқыр ауылы.
Басылымдарды дрондармен жеткізу жобасын Қазпошта үшінші жыл іске асыруда. Бірақ бұған дейін хаттер және газет-журналдар дрондармен тек Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жеткізілген. Биыл жобаға Маңғыстау және Ақтөбе облыстары қосылды.
«Дрондар жеткізу процесін оңтайландыруға көмектеседі, бірақ олар пошта қызметкерінің жұмысын ешқашан ауыстырмайды. Бұл, мысалы, республикалық газеттердің оқырмандары оларды осы ауылға жердегі пошта көлігі келген күні емес, шығарылған күні алады дегенді білдіреді. Дрондардың артықшылығы - жоғары ұтқырлық, жолдар сапасынан тәуелсіздік және энергияны аз тұтыну», - дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дариға Өтебалиева.
Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында дрондар 4 960 сағатта 145 мың км өтіп, шамамен 18,5 тонна мерзімді басылымдарды тасымалдады. Барлық аудандарда 2 және 4 кг жүк көтере алатын 20 дрон жұмыс істейді.
Сонымен бірге, ұлттық пошта операторы дрондарға техникалық және басқа да қызмет көрсетпейді, өйткені бұл белгілі бір біліктілік пен қосымша шығындарды талап етеді. Қазпоштаның дрондарды шығарып пайдаланатын алматылық Adrome Automation компаниясымен серіктестігі сервистік моделіне негізделген. Қазпошта тек басылымдарды жеткізу жұмыстары үшін төлем жасайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір