• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:05:12
Алматы
+12°

05 Тамыз, 2019 Оқиғалар

Өзбекстанда көлік апатынын көз жұмған Қазақстанның 3 азаматы туыс екен

Қазақстан азаматтары мінген көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан

Қазақстанның үш азаматы, оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала Өзбекстанда жол апатынан көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 3 тамыз күні Навои облысында болған.   

"Навои облысының Нұрата ауданында Нұрата-Жыззақ-Фариш тасжолының 136-шы километрінде "Нексия"көлігі қарсы жолға шығып кетіп, "Исузу"жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлікте жеті адам болған, олардың екеуі кәмелетке толмаған бала" - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Оқиға орнында Қазақстанның үш азаматы (1952, 2013 және 2016 жылдары туған) қаза болды. 

Тағы үш қазақстандық ауыр жарақат алып, Нұрата ауданындағы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер есін біледі, бірақ жағдайы ауыр.

СІМ баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттар зардап шеккендерге және олардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің барлығы туыс болып шықты, олар Қазақстанға Өзбекстаннан қоныс аударған. Осыған байланысты туыстары қайтыс болғандарды Өзбекстанда жерлеуге шешім қабылдады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір