• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:08:31
Алматы
+12°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Қала басшысы су деңгейі төмендегенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жоғарғы жағынан бәрі ағып кетті, тек төменгі жағында қалды. Осындай ақпарат келіп түсті", - деді Алматы әкімі.

Осыдан кейін қала басшысы Алматы қаласына аттанып, №176 мектеп-гимназиясының ғимаратында жоспарланған тұрғындарымен кездесуге кетті. Бақытжан Сағынтаев қазір мамандар селдің қауіп-қатерін жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Таңертең адамдар жазып жатты, алаңдап қалды. Олар қайда бару және не істеу керектігін сұрайды. Еріктілер де өз көмегін көрсетуге дайын. Таңертең ішкі істер министрімен байланыстым. Егер бір нәрсе болса, адамдарды көшіру керек. Егер өзен деңгейі көтерілсе, тез тазалау керек. Біздің барлық қызметіміз, Ұлттық ұлан және басқалары толық дайын. Бірақ бұлай болмайды деп ойлаймын", - деді Алматы әкімі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір