22 Тамыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!
Нұр Отан партиясы Саяси кеңесінің 21 тамыздағы кеңейтілген мәжілісінде партия көсемі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пратияны жаңғырту туралы жаңаша жарлық сипатты ойларын ортаға салды. Халықпен жұмыс істеуді қадағалап тапсырды. Бәрі де баяғыдай түсінікті айтылды. Көңілге қонды.
Сөз арасында Елбасы көп балалы отбасыларға арнап:
Тәуелсіздік алған жылдары күн сайын жүздеген мәлімдеме жасап, ел ішінде мыңдаған сапар жасадым. Себебі жұмыс та, айлық та жоқ еді. Дүкен сөрелері бос тұратын. Сол кезде бәрі: "ақша бер!" дейтін. Мемлекетте ақша жоқ болса, нені береді? Қазір сол отыз жыл бұрынғы лозунгіні көтеріп, "маған бер, менің балам көп, айлығым аз" дейді. Сен не ойладың? Бұл – сенің мәселең ғой, сен бұрын мемлекетпен ақылдаспадың ғой" деді.
Бұдан ілгергі сөздерінде "Көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мелекет қамқорлығында" екенін айтып келген басшының бұл сөзін тосын қабылдадық және олардың кіммен ақылдасуы керек болғанын, нені ақылдасуы керек екенін де дәл таппадық.
Оған қоса тұңғыш президентіміз: "миллион оралманды біз (елімізге) алып келдік. Бірде-бір (бізден басқа мемлекет) оны істеген жоқ. Алып келіп, "жұмыс істеңдер, балаларың үйренсін, өссін" десек, олар айтады: маған беріңдер (деп). Жұмыс істеңдер! Жұмыс істемесеңдер ештеме болмайды.... деп елге түсіндіріңдер". (Дәлме-дәл мәтін осы) деп тапсырма берді партия белсенділеріне.
Біз бұл сөзді де миымызға сиғыза алмадық. Ал Дархан Қалелтаев пен кеше ғана тағайындалған министр Біржан Нұрымбетов қалай қабылдады екен деп ойладық. "Елге келген миллион оралман еңбексіз, еріншек, сұрамшақ қауым. Оларға түсініктен басқа ештеме татырмау керек" деген тапсырма алдық деп ойлады ма?
Ал, шын мәнінде олар НАҒЫЗ ЕҢБЕКҚОР, ОТАНСҮЙГІШ қауым.
Соңғы уақытта елбасыдан шетте қиындықта қалған ағайынға ара түсуді Көп болып сұраған шығар. Ал, ақша сұрағаны туралы ақпарат болмағанына жұрт куә.
Бұл сөздер әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатқаны мәлім.
Біз Тұңғыш президет, Елбасы айтқан жоғарыдағы екі құрмалас сөйлем жайлы, миллион оралманға берілген мінездеме жайлы Партия баспа сөз қызметі түсінік береді деген үміттеміз.
Алмас Ахметбекұлы, Ғacebook әлеуметтік желісінен
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір