• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:29:54
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 Ән-күй

Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Сағынтаевтың өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Сағынтаевтың жазуынша, Бесбаев оның мәдениет саласынан кеңесшісі болмақ.

"Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым", -деп жазды Алматы әкімі. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым @m_besbaev

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев Қазақстан эстрадасында танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Сонымен қатар ол жеке орындаушы ретінде де әнсүйер қауымға жақсы таныс. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір