• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 10:10:38
Алматы облысы Шамалған бекетінде пойыз автобусты соғып өтті (видео)

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Алматыда "Фариза" спектаклі қойылды

5 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Фариза" спектаклінің премьерасы қойылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қойылым Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Идея авторы және спетакльдің бас продюсері, компания жетекшісі - Айнұр Көпбасарова. Пьеса қазақ тілінде қойылды.

Пьесаны продюсерлік орталықтың тапсырмасымен драматург Роза Мұқанова жазып шыққан. 

Композиторы - Ренат Гайсин. Режиссері - Фархат Молдағали.

"А+А Idea Fabric" шығармашылық тобының спектакль қоюдағы мақсаты - елімізге танымал тұлғаларды терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасына көрерменнің қызығушылығын арттыру.

Басты рөлдерде: "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев.

"Бүгін театр кеңістігінде үлкен жеңісті, жемісті күн болды. Оған куә залда отырған әрбір көрерменнің қошеметі мен Фариза апамызға деген сағынышынан туған көзінен тамған мөлдір таза жас деп білемін. Фариза апамыз тірі, қасымызда.

Сондықтан да өнер  - өлшеусіз, өнер бір қалыпқа сыймайды. Өнердің шегі мен шеті жоқ. Бүгін Фариза апамызды еске алып, тағзым жасап, аманат арқалап, осындай керемет спектакль дүниеге келді", - деді актер Азамат Сатыбалды. 

Қойылым 6 қыркүйек жалғасын табады. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір