• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:08:23
Алматы
+12°

Жапония үкіметі сәрсенбі күні таңда толық құрамда доғарысқа кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кабинетінің мүшелерінен доғарысқа кету туралы арыздарын қабыл алды. Бұған шілде айындағы Парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлау кезінде жеңіске жеткен Абэнің алдын ала жоспарлаған билік құрамын өзгертуі мен қазан айында тұтынушылар салығын 10 пайызға дейін көтереміз дегені себеп болған.

Былтыр қазан айындағы үкіметтің ауыс-түйіс кезінде көптеген министрлер өз орындарын сақтап қалған болатын. Биыл тек  үкіметтің бас хатшысы Есихидэ Суга мен қаржы министрі Таро Асо қалды.

Жапондықтардың айтуынша, "көлденең бойынша" екі министр өзара орын алмастырады – СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі болады, ал СІМ басшылығына экономиканы қайта қалпына келтіру министрі Тосимицу Мотэги келеді.

Бұрын да министр болған тағы екі адам жаңа үкімет мүшелігіне  қосылады,қалған он үш адам ең алғаш рет министрлік құрамға өтеді.

Түстен кейін жаңа үкімет мүшесінің тізімі жарияланады деп күтілуде. Кешке таман оларды император салтанатты түрде бекітетін болады. Содан кейін ғана үкімет мүшесі ресми түрде жасақталды деп есептеледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір