14 Қыркүйек, 2019 Спорт
Бокстан ӘЧ 2019. Қазақстан құрамасы жарыс күнін жеңіспен бастады (тікелей эфир)
63 килограмдағы Зәкір Сафиуллин канадалық Томас Блуменфельдаға қарсы рингке шықса, Тұрсынбай Құлахмет (75 килограм) чехиялық Милош Бартламен жұдырықтаспақ.
Бүгін, 14 қыркүйекте қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында Энхмандахом Хархууды (Манғолия) жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
52 килограмда жұдырықтасқан Бибосыновқа бес төрешінің үшеуі жеңісті берді. Енді Бибосынов 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Юрберген Мартинес Ривасқа (Колумбия) қарсы жұдырықтасады.
Бибосыновтан бөлек бүгін рингке қазақстандық екі боксшы шығады. 63 килограмдағы Зәкір Сафиуллин канадалық Томас Блуменфельдаға қарсы рингке шықса, Тұрсынбай Құлахмет (75 килограм) чехиялық Милош Бартламен жұдырықтаспақ. Зәкір Сафиуллин үшін бұл - осы жарыстағы екінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейін 1/32 финалда Әзірбайжан боксшысы Бахтияр Газизбаевты жеңген. Ал Тұрсынбай Құлахмет әлем чепионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізбек.
(Қазақстан боксшыларының жекпе-жегін төмендегі видеодан тікелей эфирде тамашалаңыздар)
Бұған дейін Қазақстан боксшыларынан Бекзат Нұрдәулетов (81 килограм) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 1/16 финалға жолда алды.
Қазақстан құрамасы Екатеринбургта өтіп жатқан әлем чепионатына толық құрамда қатысып жатыр. Боксшылардың тізімін сілтемеден көре аласыз.
Еске салайық, бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жиырмасыншы рет өтіп жатыр. Биылғы чемпионаттың алдыңғылардан ерекшелігі - боксшылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша ғана жүлдеге таласады. Сондай-ақ 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясы сарапқа салынбайды.
1993 жылдан бастап бокстан әлем чемпионатына қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасы 11 алтын, 12 күміс, 17 қола жүлде жеңіп алған. Қазақстан боксшыларының арасынан әлем чемпионатында ең көп жүлде алған - Серік Сәпиев. Ол екі рет алтын және бір-бір реттен күміс пен қола жүлде жеңіп алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір