ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту шаралары қаралды деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсын негізге ала отырып.
«PIRLS зерттеуінде біз мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша 27-ші орындамыз. TIMSS-та математика және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімде үздіктер ішіндеміз және 10 жетекші елдің қатарына кірдік», — деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Жоғары білім берудегі негізгі рейтингтер - QS World University Rankings және Times Higher Education бойынша анықталады.
Оқушыларды алған білімдерін қолдануға үйрету үшін 2016 жылдан бастап мектептерде сыни ойлау мен дағдыларды дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн енгізілуде. Осы арқылы әлемдік деңгейдегі рейтинг қатарына ілігу және білім саласында жоғары бәсекеге қабілеттілік көзделуде.
«Олардың ішінде «кәсіптік-техникалық білім беру сапасы» бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 11 позицияға (102-ден 92-орынға), «оқытудағы сыни ойлау» бойынша 1 позицияға (46-дан 45-ші орынға) жақсарды. «Күтілетін білім беру ұзақтығы» (53 орын) және «жарияланымдардың дәйексөзділігі» (110 орын) бойынша алдыңғы көрсеткіштер сақталды», — деді А. Аймағамбетов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір