• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 03:29:08
Ермекбаев: Жұмыс қауіпті, өмірлері үшін қауіп-қатер бар

21 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Елдікті нығайтудың ерекше үлгісі

Қазақ халқы бірліктің орны мен маңызын жоғары бағалап, «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте» деп түйген.

Сондықтан да, ел тізгінін қолына ұстаған ардақты адамдар – хандар, билер, аузы дуалы ақсақалдар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалдың жолына тосқауыл қоярда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса назар аударған.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту  мақсатында, өңір тарихының аса маңызды кезеңі – Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласында «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумы өтуде.

Форум барысында қоғамдағы түйіткілді мәселелер, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі туралы облысымыздың ақсақалдары мен ел ағалары, білімді әрі парасатты азаматтары өз ойларын ортаға салуда.

Халықтың ұлттық болмысы мен бірегейлігіне кері әсер ететін  жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, қызметтегі жершілдік пен тамыр-таныстық, ағайын арасындағы рушылдық, той тойлаудағы ысырапшылдық пен астамшылдық, жастар ортасындағы даңғойлық пен кердеңдік, ел ішіндегі орынсыз салтанат, қанағатсыздық пен үнемсіздік сияқты жаман қасиеттерден арылу бүгінгі күннің бас талабына айналып отыр.

Міне, осы мәселелер тоғысында облыс тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа, сабырлық пен  қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге  шақыратын Үндеу жолданады.

Шараны облыстық мәслихат депутаты М.Берік жүргізіп, Жамбыл облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, еңбек ардагері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Ә.Ергебеков, облыстық мәслихаттың депутаты А.Майлыбаев, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы Б.Мырзабаева, ардагер-ұстаз К.Ахметжанова, «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Нұрақбаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб-имамы Б.Әмреев, медицина ғылымдарының докторы С.Ордабеков  баяндама оқиды.

Форумға облыс бойынша ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, билер кеңесінің мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, оқытушылар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір