11 Қазан, 2019 NEWS
Павлодар облысында тамақтан 7 бала уланды
Қала сыртындағы ауыл мектебінің оқушылары инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты мекемеде тексеріс басталды.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз баяндамасына сүйеніп, Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында жеті бала уланып қалғандығы туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-аналардың сөзінде, балалар асханада тамақтанған соң, улану белгілері байқалған. Оқушылар облыстық ауруханаға жеткізілді.
№40 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Сәуле Шәкібаеваның балалар бәліштен улануы мүмкін деген болжамын айтты. Балаларда улану белгілері түнде байқалғанымен ата-аналары таңертең жедел жәрдем шақырған.
№40 мектеп директорының орынбасары Елена Минаеваның айтуынша, мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алған. Ата-аналардың шағымы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан соң шешім қабылданады.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің қызметкерлері балалардың жағдайы қанағаттандырарлық екенін жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір