01 Қараша, 2019 NEWS
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды телефон нөмірлерін тіркеуге шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында айтып берді.
«Елімізде ұялы байланыс абоненттеріне өз нөмірін тіркеуді міндеттейтін заң бар. Қазір сол заңның қалай орындалатынын көріп отырмыз. Ақпарат және коммуникациялар министрлігін басқарған кезімде осы мәселені бірнеше рет түсіндірдім. Қазір бұл саладағы мемлекеттік саясатты Цифрлық даму министрлігі жүргізеді. Бірақ менің бұл мәселе туралы пікірім өзгерген жоқ. Мемлекет министрлік арқылы абоненттердің өзі үшін бәрін ретке келтіріп жатыр" - деді министр.
"Телефон нөмірі ең алдымен тек бірнеше сан ғана емес, сондай-ақ жекеменшікті зат. Ол - мемлекеттік қызметтерге, кассалық операциялар мен төлемдерге қол жеткізу деген сөз. Сонымен қатар, жеке қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Нөміріңіз басқа адамға тіркелгенін елестетіп көріңізші. Ол адам сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізу арқылы нөміріңізді өшіре алады, баланстан қаражатты алады және қоңырау мәліметтеріне қол жеткізе алады.
Мемлекет ешқандай шара қолданбады деп айып тағудың орнына, 15 минут уақытңызды бөліп, телефон нөміріңізді тіркеп алыңыз. Қанша ескертіп айтсақ та, көптеген абоненттер байланыссыз қалғанда ғана қозғалды. Алғашында наразылық көп болды, бірақ адамдар өз атына қанша нөмірдің тіркелгенін көріп, мемлекеттің дұрыс жұмыс істеп отырғанын түсінді. Себебі, ұялы нөмір – мемлекеттік қызметтерге, ақша транзакциясына, төлемдерге рұқсат беретін адамның жеке меншігі.
Егер тұрғынның атына өз рұқсатынсыз нөмір тіркелсе, бұл нөмір қолданушысы алаяқ немесе телефон лаңкесі болып шықса, тағы біраз қиындық туындауы ғажап емес. Ондай жағдайда құқық қорғау органдарына барып, заңға қайшы ештеңе істемегенін дәлелдеу қажет», - деп түсіндірді Д. Абаев.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған болатын. Бұл мобильді телефондардың ұрлануына, алаяқтыққа қарсы күрес мақсатында істеліп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір