• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:01:42
Алматы
+35°

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кезектен тыс аттестацияның нәтижесін жариялады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, аттестациядан комитет төрағалары, департамент басшылары, оқу орындарының жетекшілері мен олардың орынбасарлары өтті. Ал комиссияға президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошановтың өзі төрағалық етті.

"Жалпы, бірінші басшылардың 60 проценті ауысты. Барлығы – 21 басшы, орталық аппарат – 12, облыстағы басшылар – 9. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысындағы жетекшілер және көліктегі департамент басшылары. Сонымен қатар, орталық аппаратта 15 басшының орынбасары, ал өңірлерде 25 бастық орынбасарлары ауысты", – деп баспасөз мәслихатында министр мәлімдеді.

Одан өзге  ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының басшылары 40 процентке өзгерді. Олардың төртеуі – бірінші басшылар, алтауы – орынбасарлар.

"Сондай-ақ, 19 басшы жоғары қызметке ұсынылып, президенттік кадрлық резервке енгізілді",  – айтты Тұрғымбаев.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ішкі істер министрі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір