25 Қараша, 2019 NEWS
Көкшетауда үш айлық нәресте көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Красный Яр ауылындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының бас дәрігерінің мәлімдеуінше, дәрігер мен медбике жаняұға патронажды ұдайы жасап отырған.
"1 және 2-айда баланың денсаулығына қатысты анасынан шағым болмаған. Медбике 6 қарашада оның үйіне барғанда да ештеңе айтпаған. Медбике баланы тексеріп, күтімі бойынша тиісті ұсыныстарын түсіндіріп кеткен. Ал 12 қараша күні үш айлық мерзімінде дәрігер қабылдауына келуі тиіс болған. Бірақ ол келмеген. Сондықтан медбике сол күні кешкісін олардың үйіне барған. Үй иелері даладан қарсы алып, қонаққа баруға әзірленіп жатқандарын айтқан», – деп ведомство өкілдері мәлім етті. 15 қарашада бала шұғыл түрде Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. «Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Өйткені бала ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жансақтау бөлімінде шұғыл ем-дом шаралары жүргізілгеніне қарамастан, шақалақтың өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ", –дейді дәрігерлер.
Қазіргі таңда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев нәрестенің өлімін тексеруді өз бақылауына алды.
"Облыс орталығында үш айлық баланың көз жұмған фактісі бойынша жағдайды бақылауыма алдым. Менің орынбасарым, Айна Мысырәлімова төрайым болып бекітілген комиссия мәселенің егжей-тегжейін зерттеуде, қорытындысы БАҚ-та жарияланатын болады. Баланың ата-анасына және туыстарына өз көңілімді білдіремін", – деп Маржықпаев өзінің instagram парақшасына жазды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, нәрестенің неден шетінегенін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір