• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:17:38
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 NEWS

Б. Сағынтаев: біз жаңа технологиялық буынның тауарлары мен қызметтерінің пайдасы жолындағы құрылымдық реформалар үстіндеміз

ОКҚ-да өткен брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатын арттыру үшін мықты экономикалық базаның құрылуы туралы мәлімдеді.

Мегаполисті дамытудың стратегиялық жоспарындағы басты бағыттардың бірі – Алматыдағы экономиканың құрылымдық реформасы болып табылады. Бүгінде қала экономикасының 30%-ға жуығында көтерме және бөлшек сауда көш бастап тұр. Содан кейін жылжымайтын мүлік операциялары шамамен 10% және қаржылық операциялар – 9%. Өнеркәсіп, құрылыс, әлеуметтік экономика және жаңа индустрияның үлесі шамалы.

«Мұндай жағдайда қала тез дамымайды. Бұл қаланың экономикалық жүйесінің әлсіз тұстары. Сондықтан біз жаңа технологиялық буын тауарлары мен қызметтерінің пайдасына құрылымдық реформаларға барамыз», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Айтуынша, басты тұтас құрылымдық маневр қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатын арттыру үшін берік экономикалық база құру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда өткен AlmatyInvestment Forum-2019-да алдағы жылдары «Алматы-2050» стратегиясына сәйкес Алматыда экономиканың қандай салалары қарқынды дамитынын атап өткен болатын. Біріншіден, мегаполистің жаһандық іскерлік орталық, Жаңа Жібек жолындағы көлік-логистикалық және туристік аймақ ретінде қалыптасуы мақсатында өңірлік және халықаралық нарықтарда көрсетілетін қызметтері талап етілетін білім мен жоғары біліктілікті талап ететін салалар дамитын болады. Бұл – қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, логистика және дистрибуция. Екіншіден, Алматы қаласының құрылыс кешені – тұрғын үй жылжымайтын мүлік, медициналық және білім беру инфрақұрылымы, жол құрылысы мен коммуналдық шаруашылық, демалыс және ойын-сауық объектілері инвестициялар үшін тартымды болып табылады. Үшіншіден, Алматының экономикалық өсуінің маңызды драйвері болып әлеуметтік экономика болып табылады. Ең алдымен, әңгіме білім беру және денсаулық сақтау салалары туралы болып отыр.

Төртіншіден, Алматы экономикасының өсу драйвері ретінде туризм болып қала береді.

Өткен жылы мегаполиске миллионнан астам адам келді. Туристік сала оқиғалық, іскерлік, спорттық, сауықтыру және мәдени – білім беру туризмін қоса алғанда, туризм индустриясының қазіргі заманғы қағидаттары негізінде дамитын болады. Әлемдік мегаполистердің тәжірибесі турағындардың қайда баратынын, онда қандай инвестициялар құйылатынын көрсетті. 2050 жылға қарай қаланың ЖӨӨ-дегі туризм үлесі 6%-ға жетуі тиіс.

Бесіншіден, Алматы жоспарлау мен құрылыс салуда, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз етуде, қауіпсіздік, көлік, білім беру, халықтың денсаулығы салаларында, қаланы қалалықтармен бірлесіп басқаруда үздік әлемдік смарт-тәжірибелерді қолданатын «ақылды қала» ретінде дамитын болады. Қала экономикасының жаңа индустриясын цифрландыруға елеулі үлес жасалады; электронды коммерция мен төлемдер, блок, интернет-заттар, үлкен деректер және т. б. сияқты перспективалы салаларды дамыту үшін платформалар құру.

Алтыншыдан, Алматы – бүкіл әлемнің инвестициялары мен таланттарын өзіне тартатын «білім экономикасы» инновациялар мен жаңа индустриялар орталығы ретінде дамитын болады.

Біздің қаламызда әлеуеті жоғары сегіз негізгі креативті индустрия анықталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір