09 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар
Арақ. Темекі. Шегіп жүрміз. Ішіп жүрміз! Неге?
Бұл жағынан Кавказ халқынан үлгі алуымыз керек
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі, есірткіге жоламау, сондай-ақ ішімдік ішпеу жағынан қай елден үлгі алуға болады?
Бұл жөнінен ТМД мемлекеттерінің ішінен әсіресе, Солтүстік Кавказ аймағы бірінші орында. Атап айтар болсақ, бірінші орында Шешенстан тұр. Онан кейін Дағыстан, Кабардин-Балкар, Ингушетия, Солтүстік Осетия-Алания республикаларының халқы салауатты өмір салтын қалыптастырған. Олардың басым көпшілігі темекі шекпейді, арақ ішпейді, есірткі қолданбайды. Бұл туралы https://ria.ru/ хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Неге Кавказ халқының ұл-қыздары ұлтқа жат жағымсыз әрекеттерден ада болып отыр. Мұның себебін сарапшылар бірнеше себептен көреді. Ең бастысы- бұл отбасылық тәрбиеден. Отбасы құндылығы мен әдет-ғұрыпты және дінді қатаң ұстанатын кавказдықтар қазір бұл жағынан басқаларға үлгі. Бір айта кетер жайт, жастары жағымсыз әдеттерден аулақ жүретін республика ретінде Татарстан да аталған. Татарлар алғашқы ондыққа енген. Демек, бұлан шығатын қорытынды не?
Ислам дінін ұстанатын Ресейдің аталған аймақтары қалай айтқанда да, тәлімді тәрбие мен отбасылық құндылық және діннің арқасында жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстайтыны байқалып отыр.
Ал Ресейдің арақты көп ішетін, темекіні көп шегетін, есірткіні көп қолданатын аймағы ретінде Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс, Сахалин, Магадан, сонымен қатар Ямало-Ненец автономиялық округінің тұрғындары аталған. Мұның себебін сарапшылар ең алдымен қатаң климаттық жағдайдан деп отыр. Бұл ғана емес, басқа да себептері бар ғой.
Ал біз жағымсыз әдеттерден қаншалықты адамыз? Қазақстанда қанша адам темекі шегеді? Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, 4 миллион адам шамасында. Жақсы емес.
Ал орта есеппен әр қазақстандық жылына 9 литр арақ ішеді. Бұл жағынан Еуразия құрлығы бойынша 19, ал әлем бойынша Қазақстан 77 орынға шыққан.
Сондай-ақ Қазақстанда 126 мың адам ішімдікке тәуелді ретінде тіркелген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір