• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Желтоқсан, 00:03:22
Алматы

Бүгін, 18 желтоқсан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Мәдина Әбілқасымова бүгін ғана Тоқаевтың жарлығымен ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босап, жаңадан құрылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді. 

Ақорданың жазуынша, кездесу барысында Тоқаев Әбілқасымоваға "банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма" берген.

Ақорда сайтында Әбілқасымова басшылық ететін жаңа агенттік Алматы қаласында орналасатыны айтылған. 

Мәдина Әбілқасымова 2019 жылы үш рет қызмет ауыстырды.  40 жастағы Әбілқасымова осы жылдың ақпанында елдің сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев таратып жіберген Бақытжан Сағынтаев үкіметімен бірге отставкаға кеткен. Әбілқасымова ол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарып тұрған. 

Жаңа министрлер кабинеті жасақтағанда Әбілқасымова ұлттық экономика вице-министрі ретінде үкіметке қайта оралды. Бірақ ол бұл қызметті 16 күн ғана атқарды. Назарбаев мерзімен бұрын президенттік өкілетігін тоқтатқан соң орнына келген уақша президен Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқасымованы Ұлттық банк төрағасының орынбасары етіп тағайындаған. 

Әбілқасымова 1999 жылдан бері Үкімет құрылымында жұмыс істейді. Бұрындары премьер канцеляриясы бөлімі басшысының орынбасары, экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика мен бюджетті жоспарлау вице-министрі болып істеген.

Мәдина Әбілқасымова – бұрын парламент мәжілісінің депутаты болған Ерасыл Әбілқасымовтың қызы. 2005 жылы Әбілқасымов Қазақстан президенттігіне кандидат болып, сайлауда барлық дауыстың 0,34 пайызын жинаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір