24 Желтоқсан, 2019 NEWS
Фото: asiatimes.com
Мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, жауапты хатшылар, конституциялық кеңестің мүшелері, президент кеңсесінің бастығы, сондай-ақ парламент депутаттары мен Жоғарғы сот судьялары үшін ел ішілік іс-сапар кезінде тұрғын үй-жайды жалдауға кететін шығындар көлемі бекітілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оған сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында пәтерақы тәулiгiне 26 510 теңгеден (айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен) аспауы тиіс. Облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – 18 557 теңге (7 АЕК), аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – 13 255 теңге (5 АЕК) мөлшерінде болуы міндетті.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – 18 557 теңге (7 АЕК), облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – 15 906 теңге (6 АЕК), аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – 10 604 (4 АЕК), ауылдық округтерде 5 302 теңгеден (АЕК) аспауы керек.
Айлық есептік көрсеткіш келер жылы 2651 теңге болып белгіленген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір