• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
26 Қаңтар, 11:20:25
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

27 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған

Алла сақтай гөр!

qamshy.kz/

Бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Алдын ала жеткен мәлімет бойынша ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқан. 12 адам жараланған. Зардап шеккен 8 адам  №4 қалалық ауруханаға, ал 4 бала №1 қалалық ауруханаға жатқызылған. Ұшақ құлаған аумақта қазіргі таңда 40-қа жуық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде.

қағаз

Ұшақ апаты Алматы облысының Әлмерек пен Гүлдала елдімекендерінің аралығында орын алған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір