• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:27:43
Алматы
+12°

Прокурор "шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының әрқайсысын бір жылға соттауды сұрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Азаттық жазуынша, мемлекеттік айыптаушы "жеңілдетілген мән-жайларды ескеріп" оларды Қытайға қайтармауды өтінді.

Ал қорғау тарабы оларды кінәсіз деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Адвокат Ләззат Ахатова екі жігіттің Қытайдағы қысымнан қашып, "шекараны заңсыз кесіп өтуге" мәжбүр болғанын айтты. Ал сотта өздеріне тағылған айыптарды мойындаған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы өздерін Қытайға қайтармауды сұрады. Судья Оспанова Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де үкім оқылатынын айтып, кеңесу бөлмесіне кетті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қастер мен Мұрагер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір