31 Қаңтар, 2020 NEWS
qaz.neonomad.kz
"Байқоңыр" ауданының экс-әкімі Асқар Есілов пара алғанын өз еркімен мойындады. Сол үшін құқық қорғау органдары әкімді қамауға алмаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысы түсініктеме берді.
Агенттіктің алқа отырысы барысында тиісті департаменттің өкілі Бауыржан Балғабековке отырыстың кулуарда сұрақ қойылған еді.
Департамент басшысының орынбасарының сөзіне сүйенсек, экс-әкім орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойғаны үшін айыпталып отыр. Оған қоса, пара алған.
Балғабековтің айтуынша, ол өз кінәсін толығымен мойындағандықтан қамауға алған жоқпыз. Бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, шенеуніктің алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір