05 Ақпан, 2020 NEWS
Ашық дереккөзден
Қазақстан үкіметі ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеуге "шамамен 3,5 млрд теңге" бөлді. Бұл ақпаратты бүгін парламент мәжілісінде журналистер сұрағына жауап берген премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
- Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады. Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады, - деді Смайлов.
Қытайда таралған короновирусты жұқтырғандар Қазақстанда аумағында ресми тіркелген жоқ. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігің соңғы ақпараты бойынша елде 30-дан астам короновирус күдігімен ауруханада жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір