11 Ақпан, 2020 Барлық аймақтар
zakon.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан шамамен 1 миллиард 7 миллион теңге шығын келген. Сарапшы мамандар үш күн бойы мүліктерді санап, зерттеп, зерделеп осындай қорытынды шығарды. Енді бұл материалдық шығын заңға сәйкес шетінен төленеді, деп 24.kz хабарлайды.
Мамандар тұрғындарды Сортөбе ауылы әкімдігінің ғимаратында қабылдайды. Қабылдайтын орын таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Қазір қолдарында мүлік иесі екенін растайтын құжаты жоқ адамдар бар. Олардың айтуларынша, көпшілігі құжаттарын жанжал кезінде жоғалтқан. Тұрғындардың құжаттары талапқа сай болмаса өтемақы толық берілмейді.
Қазір төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында арнайы топтар құрылған. Жұртқа ыңғайлы, әрі қолжетімді болу үшін Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр елді мекендерінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Мамандар жұрттың өтінішін тіркеп, осы жерде қабылдайды. Бүгінгі күнге дейін 22 азаматқа жеке куәлік, 18 балаға туу туралы куәліктер берілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір