• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:10:26
Алматы
+35°

Қазақстанда түсірілетін фильмдердің статистикалық анықтамасы мен сапасы туралы жаңа мәліметтер анықталды, деп жазған ranking.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жыл ішінде еліміздің киноиндустриясының қоржынында 150 қазақстандық фильм және 8 сериал болуы керек болған. Дегенмен белгісіз жайттармен тек 135 фильм және 8 сериал түсірілген. 12 фильм жарыққа шықпаған, ал қалған 3 фильм туралы мүлде ақпарат жоқ. 

2019 жылы жоспар бойынша 17 фильм көрерменге ұсынылуы керек еді. Алайда  жоспарланған 17 фильмнің тек 11-і түсірілген. Түсірілмеген 6 фильм бойынша тағы да ешбір ақпарат табылмады. 

Орташа ұзақттықтағы көркем фильмдердің құрайтын уақыты – 100,5 минут. Деректі фильмнің орташа уақыты – 50,1 минут. Анимациялық фильм – 37,7 минут.

Тіл тұрғысынан алғанда, қазақ тіліндегі 71 фильм, орыс тіліндегі 58 фильм түсірілген. 

2019 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 41,2 млрд теңге сомасына фильмдер мен бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызметтер көрсетілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір