• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:10:53
Алматы
+12°

13 Ақпан, 2020 NEWS

Түркия азаматы елден шығарылуы мүмкін (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық ортада тәртіп бұзған Түркия азаматының ісі қаралуда. Дәлірек айтқанда, алкоголді ішімдікке сылқия тойып алған шетел азаматы қолына пышақ алып айналасындағыларға қауіп төндірген.

Фото: polisia.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі polisia.kz дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

12 ақпан күні сағат 18:28-де Нұр-Сұлтан қаласының ПД жедел басқару орталығына Mega Silk Way ойын-сауық орталығында 1985 жылы дүниеге келген Түркия азаматының ішімдікке мастанып, өзін пышақпен жарақаттамақ болғаны жайлы хабарлама жеткен.

Іле-шала оқиғаның қалай болғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Өз кезегінде шетел азаматының қоғамдық орындағы бұл әрекеті желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырмай қоймады. Олар мұндай бассыздыққа қарапайым халық көп жүретін қоғамдық орындарда жол берілмеуі керектігін, көбіне осындай оқиғаларға Қазақстанға әр түрлі себептермен келетін шетел азаматтарының қадағаланбауы себеп болатынын айтады.

Абырой болғанда оқиға орнында болған адамдар оның қолындағы пышақты тартып алған. Нәтижесінде, айналасындағы үрейленген қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта ол ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуда. Тіпті, ел аумағында қарапайым тұрғындар өміріне қауіп төндірген шетел азаматын елден шығару мәселесі де қаралып жатыр.

Осы ретте, қалалық полиция бөлімі қауіпті азаматтың қолынан дер кезінде суық қаруды тартып алып, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жандарға алғыс білдірді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір