16 Ақпан, 2020 NEWS
turkistan.kz
Диас Батырбекұлы атты facebook қолданушысы өз парақшасына шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әбләзовпен әлеуметтік желіде болған әңгіменің скриншоттарын жарияланды.
Әңгіме барысында Мұхтар Әбләзов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахатқа осындай мәтінде пост жарияла деп жазбақ болғанын, ол мәтіннің абайсызда өзінің аккаунтында жарияланып кеткенін түсіндірген.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Айсұлтан Рахаттың даулы жазбаларының артында Мұхтар Әбләзов тұрған болуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Оған Әбләзовтың парақшасында жарияланып, ұзамай өшірілген жазба түрткі болған. Ол жазбада "Мен, Айсұлтан Назарбаев. Парақшамда жарияланған жазбаларды өзім жаздым. Бұл өз қалауым, оған ешкім ықпал етпеді. Бұл менің аккаундым, менің ойым, менің талаптарым" делінген.
Бұл жазбаның қалай жарияланып кеткенін шетелдегі оппозиционер былай деп түсіндірген:
"Мен пост жазып бастағанмын. Барлық сұрақтарға жауап болуы үшін осындай мәлімдеме жасауын жариялы түрде айтпақ болдым. Алайда жазғандарымның жобасы эфирге шығып кеткенін байқамадым. Мен мәтін жазарда құлыпты қоймаған екенмін" делінген Мұхтар Әбләзовтың жауабында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір