• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:39:50
Алматы
+12°

Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің тергеу-жедел тобы бүгін әскери бөлімнен қару ұрлаған тағы бір күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Күдікті Шымкенттегі танысының үйінде жасырынған. Оның 2 "Макаров" жауынгерлік тапаншасын және әскери бөлімнен ұрланған травматикалық тапаншаны алғаны анықталды.  

Бұған дейін ведомствоаралық топтың қызметкерлері сержанттан атыс қаруын сатып алған әскери қызметшінің 3 досын ұстады.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілердің бәрі қашып, полициядан жасырынған. Сондықтан күдіктіні ұстау үшін Алматы, Шымкент және Түркістанда секілді бірнеше қала, облыстарда тексеріс жүргізілген.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып қана қоймай, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды, – дейді құқық қорғау органдары. Бұл-29 “Калашников” автоматы, 28 “Макаров” пен травматикалық тапанша және 2 дана пышақ.

– Жалпы алғанда, бұл қылмыстық істер бойынша 8 адам күдікті ретінде анықталды. 4 әскери қызметші, оның ішінде бөлім командирі және тағы 4 азамат, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі .

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір