• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:14:38
Алматы
+12°

03 Наурыз, 2020 Саясат

Дабыл: Шығыс Қазақстан облысында біраз ауыл жойылды

Қоғам белсенділері "қарттанған" шекаралық аудандарды сақтап қалу керек деп айқайлап жүргенде, моноқалаларды дамыту дейтін дақпыртты ұран дамыл таппай тұрған тұстың өзінде-ақ Қазақстанда ауыл жойылып жатыр. Тап шекараның түбіндегі Шығыста.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негіз ете отырып хабарлайды.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі бойынша, Зайсан ауданы мен Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымында бірқатар өзгеріс жасалған.

Атап айтқанда, Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі Жаңабаз ауылы Көгедай ауылына, Айнабұлақ ауылдық округіндегі Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылына, Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы Кеңсай ауылына қосылып, ресми атаулары жойылған.

Бұндай шешім Семейді де шет айналмаған. Ол жердегі Караөлең, Социалистік Қазақстан ауылдарын да енді тұрғындар жадынан өшіруге тура келіп отыр.

Әзірге, бұл ауылдардың әкімшілік басқару тұрғыдағы шығынының салмағынан, әлде демографиялық ахуалдың сүреңсіздігінен жабылып отыр ма, ол туралы ештеңе айтылмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір