• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:46:28
Алматы
+35°

Коронавирустың жаңа түрін әлемде 100 мыңнан аса адам жұқтырған. 4 мыңға жуық адам қаза тапқан. Әлем бойынша коронавирустан зардап шеккен шенеуніктерді Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbc.com аударып, назарларыңызға ұсынады.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға жеткізіліп,үйінде карантинге алынды. Оның вирусты жұқтырғаны 10 наурызда расталған. 

© gov.uk

 

Осы аптада Францияның 46 жастағы мәдениет министрі Франк Риестердің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол медициналық тексерістен өткеннен кейін,  карантинге жатқызылды. Министрде коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония белгілері жоқ. 

Сондай-ақ Францияның 5 депутатында күдікке ілініп, вирустың белгілері табылмады.

Франк Риестер - Францияның мәдениет министрі

 

Италияда Демократиялық партияның жетекшісі Никола Зингаретти өткен аптада карнатинге түскен болатын, кейіннен оның вирустан оң сынақтан өткендігі анықталды. Италия коронавирус  ең көп тіркелген мемлекеттердің қатарында, қазіргі таңда елде барлық бағыттағы жолдары жабылды. 

Иранда министрлері мен саясаткерлер коронавирустан қатты зардап шекті. Инфекциядан  2 саясаткері көз жұмды. Олар Иранның консервативті депутаты Фатемех Рахбар мен парламент депутаты Мохаммад Али Рамазани, сондай-ақ ирандық шенеунік Мохаммад Мир-Мохаммади, жоғарғы көсем Аятолла Али Хаманейдің кеңесшісі көз жұмды. Жалпы Иранда 20-дан астам шенеунікте вирустың белілері бар.

 (Фатемех Рахбар)

(Мохаммад Мир-Мохаммади)

АҚШ сенаторы Тед Круз  өткен айда консервативті саяси әрекеттер конференциясында коронавирусқа байланысты жиыннан кейін өз еркімен карантинге жатқызылды. Конференцияға АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майк Пенс қатысып, сөз сөйлеген болатын, бірақ Ақ үй оларға коронавирусты тексеруді қажет етпейтінін айтты.

(Тед Круз)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір