• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:14:58
Алматы
+12°

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды президент жарлығында айтылған шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram желісінде арнайы жазба да қалдырған.

"Елімізге келген аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Біз әлі де мән бермей жүрген сияқтымыз. Үкімет барлық іс-шараны толығымен тоқтатты. Жекелеген той- томалығымызды да кейінге қалдырғаны дұрыс болды", - деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші өткір дерттің өзін арзан әзілге азық қылып жүргендерді "түйреп" өткен.

"Қуанышымызды бөлісеміз деп жүріп, қайғыға ұрынып қалмайықшы. Осы сынақтан аман-есен өтіп алудың амал-шартын қарастырғанымыз жөн», - деп жазды коронавирусты күлкіге айналдырып жүргендердің әрекетін сынға алды. «Ағайын-туғанның амандығын ойлайық. Дәл қазір коронавирусты күлкіге айналдырып, әзіл айтатын, жырқылдап ән салатын уақыт емес. Айтылып және жазылып жатқан кеңестерге құлақ түрейік. Мен үшін қазағымның амандығы бәрінен жоғары. Әлемнің алпауыт елдерін жайпап келе жатқан індет шындап кіріссе бізді де аямайды. Құдай бәрімізге қуат беріп жақсы күнде жолығуды жазсын!», - деп түйіндеген "Мұзарт" тобының мүшесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір