22 Наурыз, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындарына борыштарын жыл соңына дейін өтеуге мүмкіндік берілді. Мұндай мүмкіндік коронавирус індетіне байланысты карантинге жабылған коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарына беріледі.
Бүгінгі күннен бастап карантинге байланысты қиын материалдық жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдердің мерзімін ұзарта алады.
Төлемдер бойынша кейінге қалдыру тек жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі.
Карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындарды электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажырату жоспарланып отырған жоқ.
Сондай-ақ жеке тұлғаларға коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлемегені үшін айыппұл салынбайды.
Төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу үшін кәсіпорындардың call-орталықтарының нөмірлері:
«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, [email protected]
- +7 (701) 098-45-05, [email protected] – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);
- +7 (708) 249-87-79, [email protected] – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);
- +7 (777) 969-84-46, [email protected] – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);
«Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;
«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz
«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;
«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;
Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;
«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір