23 Наурыз, 2020 NEWS
Фото: news.voxball.com
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.
Белгілі болғандай, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тұрғын үй блогының еншілес Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент сынды ұйымдары Қазақстандағы төтенше жағдайда әрекет ету мерзімінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынған.
"Ағымдағы жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлем бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Бір ескерте кететін жайт, аталған несиелерді кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары арқылы жүзеге асырмақ. Яғни, өтініш иесінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қаралатын болады.
Қашықтан байланыс арналары ретінде жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар аталуда.
Ал өтініш иесі туындаған барлық сұрақ бойынша call-centr нөмірлері бойынша хабарласуға мүмкіндік жасалып отыр.
Ол үшін:
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300
Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48
Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01 номерлеріне хабарласуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір