• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:33:19
Алматы
+12°

03 Тамыз, 2013 NEWS

Жанар Құдайбергенова. Водникте исламға кек, қазаққа дұшпандық өршіп тұр

Егемен Қазақстан мемлекетінің бұрынғы Астанасы болған Алматы қаласының іргесінде орналасқан, Алматы облысына қарасты Іле ауданы, Бұралдай елдімекеніндегі...

Егемен Қазақстан мемлекетінің бұрынғы Астанасы болған Алматы қаласының іргесінде орналасқан, Алматы облысына қарасты Іле ауданы, Бұралдай елдімекеніндегі Водник ықшам ауданы мұсылмандары қатты қоршылық көріп отыр.  Водник елдімекенінде салынғанына он шақты жыл болған үлкен мешіт бар, мұнда ораза ұстап, намаз оқитын мұсылман ерекше көп. Жұма намазына жиналған жамағаттың өзі екі үлкен бөлмеге сыймай қалады. Өкініштісі, мұндағы мұсылмандардың құқы бұзылып, ұлттық, діндік намыстары  Исламға қарсы, Қазаққа жау Отандастарымыз тарапынан қорланғалы біраз жыл болған. Әр жылы қасиетті Рамазан айы келісімен, мұндағы ең үлкен мәселе Судан туындайды. Водник1, Водник2, Водник3 деп аталатын мөлтек аудандарда қабат үйлерден бастап,  жер үйлерге су беру рамазан айында мақсатты түрде тоқтатылады.  Ораза тұтқан мұсылман баласы Таңғы асты дайындайтын мезгілде, яғыный, Таңғы сәресіні дайындайтын кезде, мұсылман баласы таҺарат алып, ғұсыл құйынып, жуынатын кезде, түнгі сағат 1:00 мөлшерінен су тоқтаылғаннан бастап, күн шыққанға дейін су берілмейді.  Ең сорақысы, мұнда бірнеше жылдан бері әр жұма күні жұма намазынан бұрын, міндетті түрде су тоқтатылады. Мұндай құбылыс мақсатты түрде жасалынатынын мұндағы жұрттың барлығы біледі. Жұма намазы аяқталғанда су беріледі. Мұндағы мұсылман жамағаты үшін бұл үйреншікті жағдай. Олар әр жылы қадыр түні келерде, су саласын ұстап отырған Отандастарымызға жалынып, жалбарынумен келеді. Ең қызытысы, Жұмадан басқа күндердің ешқайсысында күндіз су беру тоқтатылмайды. Рамазан айынан басқа айлардың ешқайсысында түн ортасынан таң атқанға дейін су тоқтатылмайды. Ең ғажабы, мұндағы Су Құдайлары ҚМДБ таратқан ораза-намаз кестесіне қарап отырып, бір минут-бір секунд ары-бері  қалт жібермей, "қателеспей" суды беріп және тоқтатып отырады. Әр Жұма күні күндіз  міндетті түрде тоқтатылатын су жұма намазы аяқталғанда автоматты қосылады. Демек, Жұма намазына ғұсыл құйынып баратын мұсылмандар ғұсыл құйына алмайды. Мешіттегі жамағат "Сары Ағашпен" таҺарат алған кездері де болған. Рамазан айы аяқтасымен судың тоқтауы да аяқтап, 24  сағат үзіліссіз су беріледі. 

Осы қысасқа, осы қорлыққа тоқтау барма?

Әсіресе, бүгін болатын қасиетті Қадыр түнінде, екі мыңға таман мұсылман мешітте құлшылық жасайтын сәтте, құбырдағы судың "құдайларының" құқайы мен қорлығы, қысасы мұндағы жуас қазақрарға "қарынымның ашқанына емес, қадырымның қашқанына жылаймын" дегенді еске салардай. Қасиетті Қадыр түні мұндағы "қадыры қашқан қазақты"  қайткенде "қасиетсіздерге" қадірлетуге болады?

Елдің, жердің, мемлекеттің иесін қорлағада да, тура осындай қорлаған барма? 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір