03 Мамыр, 2020 NEWS
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен оның қалындығы Кэрри Симондс жаңа туған ұлына Уилфред Лоури Николас Джонсон есімін берді. Олардың айтуынша, сәбидің есімі премьерді емдеген екі дәрігердің құрметіне қойылған.
Нәресте сәрсенбіде дүниеге келген. Борис Джонсонды емдеген екі дәрігердің құрметіне нәрестеге Николас есімі берілді. Бұл туралы Борис Джонсонның қалыңдығы инстаграм парақшасында жариялады.
Премьердің сүйіктісі "Уилфред Лоури Николас Джонсон" есімін былай түсіндірді:
"Бористің атасының аты – Вилфред, менің атамның аты – Лоури. Доктор Ник Прай және доктор Ник Харттың құрметі үшін Николас. Екі дәрігер өткен айда Бористің өмірін құтқарып қалды" деді Кэрри Симондс сенбі күні инстаграм парақшасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір