• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:56:25
+12°

Әскерде жүргеніне бір жыл болып қойған мерзімді әскери қызметшілер Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін ғана запасқа шығарылады. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі. 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады. Елеулі өзгеріс болмайды, – деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-да онлайн-режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімі 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстырылып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскери қызметші

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір