• USD 402.37
  • EUR 449.81
  • RUB 5.86
  • CNY 56.67

06 Мамыр, 2020 Әлеумет

Миноментші майдангер – Дүйсен Оспанов

Qamshy.kz

Еліміздегі әрбір әулетке өзінің қайғылы ізін қалдырған 1941-1945 жылдардағы сұм соғыстағы жеңіске биыл 75 жыл. Қан майданға 1 млн 200 мыңнан астам отандасымыз аттанып, соның жартығы ғана үйіне оралды. Жеңісті жақындатуға сүбелі үлес қосып, кеудесін оққа тосқан ардагерлердің бірі – Дүйсен Оспанов.

Ол 1923 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Луговой аудандық әскери комиссариатынан соғысқа аттанғанда жасы 18-ге енді толған еді. Майдангер жаспын деместен қолына қару алып, отанын қорғауға еш ойланбастан кете барды.

 

Дүйсен Оспанов 68-әскер 192-дивизия 490-жеке полк сапында кіші командир, кіші сержант ретінде Белоруссия жеріндегі кескілескен ұрыстарға араласып, 50 миллиметр калибрлік миноментпен құралайды көзге атқан мергендердің бірі атанды.

 

1943 жылы Белоруссия жері Смоленск облысындағы ұрыста жараланып, елге қайтты. Отанына оралысымен өзі туып-өскен Луговой ауданында түрлі қызметтерде жемісті еңбек етті. Коммунистік партияға өтіп, қалған ғұмырын туған жерінде адал қызмет қылуға арнады.

а

 

1944-1949 жылдары аудандық еңбекші кеңесінде кадр бөлімі меңгерушісінің хатшысы, 1949-1955 жылдар аралығында Луговой ауылдық еңбекші кеңесінің төрағасы, 1955-1958 жылдары партияның Луговой аудандық комитетінің нұсқаушысы, 1959-1963 жылдары Луговой аудандық әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі, 1963-1964 жылдары Шу қалалық әлеуметтік қамту бөлімінің меңгерушісі, 1966 жылдан Луговой ауданында экономист қызметтерін атқарған.

 

Ардагердің майдандағы ерлігі лайықты бағаланып, түрлі марапаттар берілген. Солардың бірі – "Ұлы отан соғысына қатысқаны үшін" медалі.

Қан майдандағы жеңісті Дүйсен Оспановтай майдангерлердің қайсарлығы мен ерлігі, отансүйгіштігі мен батырлығы жақындатты. Олардың жауынгерлік жолы мен ғибратты ғұмыры бүгінгі ұрпаққа әрқашан үлгі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір