• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

15 Мамыр, 2020 NEWS

15000 теңге. Түркістан облысында коммуналдық төлемге өтінімді қалай беруге болады?

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады. Төлемдерді өтеу санатына жататын азаматтарда немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінде коммуналдық қызметтердің дербес шоттары болуға тиіс.
 
Төмендегі санаттарға жататын азаматтар өтініш берген коммуналдық қызметтерді жеткізушімен шарт осы отбасы мүшелерінің бірінің атында болуы керек.
 
- 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; көпбалалы отбасылар;
- ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.

Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) «Telegram» мессенджері арқылы «SmartTurkistanBot» боты арқылы немесе аудандар мен қалалардағы call-орталықтар арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және коммуналдық қызмет бойынша дербес шотының деректерін ұсына отырып, өтініш бере алады.

Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға 15 мың теңгеден 2 ай (сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданады.

Айта кетейік, Telegram мессенджерінде бот табу үшін іздеу жолында @SmartTurkistanBot теріп, «Бас мәзір» батырмасын басу қажет.

Бұл қызмет халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ғана ұсынылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
Ілмек сөздер: коммуналдық төлем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір