18 Мамыр, 2020 NEWS
Бейсен Құранбек
Журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында ауыр сырқаттан көз жұмды. Суыт хабарды марқұмның ауылдастары растады.
Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.
Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.
2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.
Соңғы жылдары журналистің ауыр сырқатқа шалдыққаны хабарланған. Марқұм өмірінің ақырғы күндерін Талдықорғандағы үйінде өткізген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір