• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:29:56
Алматы
+12°
Коронавирустық пандемия салдарынан әлемдік экономиканың құлдырауы бүкіл әлемде шамамен 60 миллион адамның қатты кедейлікке ұшырауына әкеледі. Бұл туралы  Дүниежүзілік банктің (ДБ) басшысы Дэвид Мальпасс мәлімдеді

Дүниежүзілік банктің анықтамасы бойынша, өте кедей адамдардың күнделікті кірісі $ 1,9 және одан төмен. Сондай-ақ Мальпасс журналистерге банк биылғы жылы әлемдік экономикадағы терең құлдырауды болжайды деп мәлімдеді.
 
"Пандемия және дамыған экономикалардың тоқтап тұруы 60 миллионға жуық адамды кедейлендіруі мүмкін.  Бұл жақында кедейлікпен күрес жұмыстарының айтарлықтай бөлігін жоққа шығарады», - деп мәлімдеді Малпасс.  
 
Банк 15 ай ішінде экономикасы құлдырауға ұшыраған елдерге 160 миллиард доллар көлемінде субсидиялар мен басқа да экономикалық қолдау көрсетуге міндет алды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір