27 Мамыр, 2020 NEWS
syrlasu.kz
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы Қазақстанға мектептердің жетіспейтінін айтып, бір ауысымда оқуды ұсынды.
– Қоғамдық сенім кеңесінің мәжілісі білім беру тақырыбына арналуы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Біріншіден, басты кедергі – мектептің жағдайы деп ойлаймын. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанға мектеп жетіспейді. Қазіргі таңда елімізде 7400 мектеп бар, онда жалпы 3,5 млн-нан аса бала оқиды. Оның 70 пайызы екі ауысымда, ал 200-мың бала 3 аусымды мектепте оқиды. Соңғы жылдары Қазақстан білім берудің мазмұнын жаңартуға көп күш салды. Ілгері дамыған елдердің талаптарына бағытталды. Бірақ біз талаптарға ұмтылған елдердің ешқайсысында 3 немесе 2 ауысымды оқытатын мектеп жоқ, – деді кеңес мүшесі.
Ол өз сөзінде сапалы білім беру үшін мектептің бір ауысымда жұмыс істеуі маңызды деп атап өтті.
– Біздің есебімізше орта білім беру жүйесін толықтай 1 ауысымға өткізу үшін Қазақстанға шамамен 3 мыңдай жаңа мектеп қажет. Мұндай ауқымды мәселені мемлекет тек өз күшімен тез арада шеше алмайды. Біздің ұсынысымыз – мектеп салуға жеке қорларды кеңінен тарту, – деді Р. Кенжеханұлы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір